«Тараз» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясында жаңа тағайындау жасалды

ТАРАЗ. 16 наурыз. ҚазАқпарат /Галина Скрипник/ - Директорлар кеңесінің шешімімен Аюхан Төлеутайұлы Ноғаев «Тараз» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» акционерлік қоғамының басқарма төрағасы болып тағайындалды,

деп хабарлады Жамбыл облысы әкімінің баспасөз қызметінен.

А.Ноғаев 1971 жылы туған. Бауман атындағы Мәскеу мемлекеттік техникалық университетін және Еуразиялық нарық институтын тәмамдаған. Еңбек жолын «Алматы қанты» акционерлік қоғамының бас директоры міндетін атқарушы лауазымынан бастаған. Әр жылдары «Азия Қант» АҚ-ның коммерциялық директоры, «Азия Қант» АҚ-ның вице-президенті, «Интершугар» ЖШС-ның басқарушы директоры, «Азия Қант» АҚ-ның президенті, «Қазақстан инжиниринг» Ұлттық компаниясының басқарма төрағасы болған.

2009 жылдан бері «Азия Қант» акционерлік қоғамында жұмыс істеген және директорлар кеңесінің мүшесі болған.