«29 қазаннан бастап біз Жібек жолы дәуірінің көне қаласы - Тараз бен Екатеринбургті тікелей рейспен байланыстырамыз! Ұшулар әр дүйсенбі сайын жайлы Boeing 757-200-да жүзеге асырылады. Жолға кететін уақыт - 2 сағат 50 минут», - делінген компанияның фейсбук парақшасында.
Еске сала кетсек, бұған дейін одан бөлек Алматыдан Мәскеу облысына тікелей әуе рейсі ашылғанын хабарлаған едік.
ҚР ИДМ Азаматтық авиация комитеті ресейлік «Уральские авиалинии» әуе компаниясына Алматы - Жуковский (Мәскеу облысы) бағытында ұшуға рұқсат берген болатын.