«Тараз» ФК Қазақстан кубогының финалына шықты

ТАРАЗ. 30 қазан. ҚазАқпарат - «Тараз» ФК Қазақстан кубогының финалына шықты, деп хабарлады «Тараз» футбол клубының баспасөз қызметінен.

Бүгін кешкісін аяқталған ел кубогының жартылай финалдық кездесуінде «Тараз» сырт алаңда 1:0 есебімен «Ақтөбеден» басым түсті.

Екінші таймда қарымта шабуылдардың бірінде Сергей Шафф кездесу тағдырын шешкен жалғыз голдың авторы атанды.

Естеріңізге сала кетейік, командалар арасындағы алғашқы матчта есеп ашылмаған болатын - 0:0.

Осылайша, «Тараз» Қазақстан кубогының ақтық сынына жолдама алды. Онда жамбылдықтар «Шахтер»-«Ертіс» жұбының жеңімпазымен жолығады.