Конкурстың мақсаты - Қазақ хандығының құрылуының тарихи маңыздылығын айшықтайтын монументалды ескерткіштің мүсіндік-көркемдік шешімін табу.
«Конкурсқа ұсынылған жобалар ансамбльдік үйлесімді шешіммен қорытындыланған жоғары идеялық және сәулеттік-көркемдік деңгейде орындалуы тиіс», делінген хабарламада.
Барлық графикалық жұмыстар 60 х 80 см планшетте беріледі. Графикалық орындау әдістері - макеттің түсі, техникасы, материалы және мүсін автордың қалауы бойынша орындалады.
Конкурсқа қатысуға авторлар және авторлық коллективтер шақырылады.