деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Ұлттық баскетбол федерациясының интернет сайтына сілтеме жасап.
Оған Астананың «Жолбарыстар», Алматының «Алматы», Тараздың «Тараз», Көкшетаудың «Оқжетпес», Павлодардың «Ертіс» командалары қатысып жатыр. Жалауы қазанның 21-і күні көтерілген ел чемпионатының алғашқы тур ойындарында үш күннің қорытындысы бойынша Астана мен Павлодар қалаларының баскетболшылары жеңіліссіз келе жатыр. Алматылықтар «Оқжетпеске» 56:102, «Ертіске» 68:116, ал тараздықтар «Жолбарыстарға» 40:88, «Оқжетпеске» 34:77, «Ертіске» 38:85 есебімен ұтылды. Көкшететаулық спортшылар «Алматы» мен «Тараздан» басым түскенімен «Жолбарыстарға» 55:69 есебімен есе жіберді. Бүгінгі ойындар енді «Алматы» мен «Астана», «Оқжетпес» пен «Ертіс» командалары арасында өтетін болады. Чемпионаттың 1-ші туры ертең «Астана» мен «Ертіс», «Алматы» мен «Тараз» баскетболшыларының кездесуімен аяқталады.