Таразда Д. Қонаевты еске алуға арналған халықаралық турнир өтуде

ТАРАЗ. 27 қазан. ҚазАқпарат - Таразда күрестен халықаралық турнир өтуде, іс-шара қоғам қайраткері Дінмұхамед Қонаевты еске алу мақсатында ұйымдастырылып отыр, деп хабарлайды Жамбыл облысының дене шынықтыру және спорт басқармасынан.

Турнирге жалпы тоғыз команда (Ресей, Қырғызстан, АҚШ, Канада, Беларусь, Моңғолия, Өзбекстан, Тәжікстан, Қазақстан) қатысып отыр. Жеті салмақ дәрежесі бойынша (55-120 кг) 200 балуан «Тараз-Арена» Спорт сарайында додаға түспек. Жамбыл облысының атынан мықты деген 9 балуан - олимпиада жүлдегері Ақжүрек Таңатаров, жастар арасындағы әлем чемпионаттарының жүлдегерлері Мейіржан Әшіров пен Нұрсұлтан Найзабеков, т.б. қатысады.