ТЖД баспасөз қызметінің жетекшісі Руслан Иманқұловтың айтуынша, 1 қазан күні Тараздың орталық бөлігінде, «ПАЗ-32054» маркалы жолаушылар автобусы өртенген. Абырой болғанда, ешкім зардап шекпеген. Жүргізуші ауысымын аяқтап, жолаушыларды түсіргеннен кейін автобус моторы сөніп қалғасын өзі жөндеуге кіріскен. Қайтадан тұтандырып, қозғала бергенде, өртенген. Өрт Тараз қаласындағы №2 өрт сондіру бөлімі жасақтарының күшімен сөндірілді. Өрттің мән-жайы анықталуда.
Бұдан басқа Тараздың орталық көшелеріндегі пәтерлердің бірінің жатын бөлмесінен өрт шығып, оқиға орнынан 1980 жылы туылған пәтер иесі қызының денесі табылды. Өрттің себебі анықталуда, деп хабарлады ТЖД баспасөз қызметі.