Аталған құрылыстың демеушісі жеке кәсіпкер Салтанат Байназарова болды, оны салу бастамасын қалалық әкімдік алға жылжытты. Салтанатты ашылу кезінде бірқатар спорттық-бұқаралық шаралар - скейтборд тебу, велоспорт, көше билері және т.б. бойынша жарыстар, өткізілді.
Роллердром төрт ай бойы салынды, оның ауданы 0,89 гектарды құрайды, қала орталығына жақын жердегі Әл-Фараби көшесінде орналасқан. Тілек білдірген адамдар осы жерге қиындықсыз жете алады.