Таразда «Кока-кола Былғары доп» атты республикалық балалар мен жасөспірімдер турнирі өтті

ТАРАЗ. Тамыздың 26-сы. ҚазАқпарат /Галина Скрипник/ - Таразда балалар арасындағы «Кока-кола Былғары доп» атты ресупбликалық балалар мен жасөспірімдер турнирі болып өтті.

Ақтық сында Алматы мен Ақмола облысының командалары кездесті. 2:3 есебімен оңтүстіктің балалары кубокты жеңіп алып, сайыстың чемпионы атанды.

«Кока-кола» компанясы қоғаммен байланыс бөлімінің менеджері Арыстанбек Нұрмахановтың айтуынша, бұл турнирді «Кока-кола компаниясы» ҚР Білім және ғылым министрлігінің қолдауымен және Қазақстанның футбол федерациясының бірлесе отырып, бірнеше жылдан бері өткізіп келеді.

Мамандардың бағалауынша, Таразда өткен турнир барысында Қызылорда облысының командасы жақсы дайындық көрсеткен.

Жеңімпаздар мен жүлдегерлер бағалы сыйлықтармен қатар, турнирді ұйымдастырушылар атынан дипломдарға ие болды.