Таразда курсанттар суға батып бара жатқан балаларды құтқарып қалды

АСТАНА. Қыркүйектің 3-і. ҚазАқпарат - Таразда Қорғаныс министрлігінің әскери-техникалық мектебінің курсанттары Ерік Әбілдаев пен Данияр Қамысбаев суға батып бара жатқан екі баланы құтқарып қалды, деп хабарлады Жамбыл облыстық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметінен.

Көлік жүргізу сабағынан қайтып келе жатқан курсанттар жақын маңдағы тоғаннан көмек сұрап айқайлаған дауыстарды естиді. Дереу көмекке ұмтылған олар 9 және 14 жастағы екі қыз баланы құтқарып қалады. Олардың біреуі есінен танып қалғандықтан, курсанттар оған алғашқы медициналық көмек көрсетеді және «жедел жәрдем» шақырады.

Ұлдардың айтуынша, «ол сәтте олар ешқандай ерлік жасап жатырмыз деп ойламаған, олар көмекке мұқтаж болғандарға қол соза алғандарына қуанышты».