Бұл туралы бүгін апталық брифингте ҚР Ішкі істер министрлігінің ресми өкілі Нұрділдә Ораз мәлім етті.
«Қаруланған қылмыскерді қолға түсіру кезінде қайсарлық пен батырлық танытқаны үшін Жамбыл облыстық ішкі істер департаментінің 7 қызметкері, оның ішінде қаза тапқан үшеуін Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградасымен марапаттау туралы ұсыныс енгізілді», - деді ол.
Ресми өкілдің атап өтуінше, сонымен қатар қызметтік міндетін орындау барысында ерлікпен қаза тапқан Алматы қалалық ішкі істер департаменті патрульдік полиция полкінің 2 қызметкері де мемлекеттік наградаға ұсынылған.
Жалпы ағымдағы жылдың 10 айында ішкі істер органдарының 71 қызметкері қаза тапты. Оның ішінде 18 полицей қызметтік міндетін орындау кезінде, ал 9 қызметкер қылмыскерді қолға түсіру барысында мерт болды. Жыл басынан бері 15 полицей, оның ішінде 2-еуі қаза тапқаннан кейін мемлекеттік наградамен марапатталды