Жоспарланып отырғандай, қазіргі базарлар жер аумағында археологиялық қазбалар жүргізілетін болады, кейін бұл жерде «Ашық аспан астындағы ежелгі қала» мұражайы құрылады.
Облыс әкімі Қанат Бозымбаев қала әкімдігіне базарларда жұмыс істейтін кәсіпкерлерге қолайсыздықтар туғызбау үшін және жедел ұйымдастыру мақсатында бір жарым айдың ішінде базардың көшірілу жоспарын жасауды тапсырды.
ҚазАқпарат осыған дейін хабарлағандай, жаңа базарларға жер телімдері бөлініп те қойылды, ол жерлерде жаңа контейнерлер, дүңгіршектер мен сауда нүктелері орналастырылады.