«Жамбыл облысының азаматтары Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың өкілеттігін 2020 жылға дейін ұзарту жөніндегі референдумның өтуі мен «Қазақстан-2020» жалпыұлттық демократиялық күштер коалициясын құру бастамасын толықтай қолдайды», - дейді мыңдаған адамның қатысуымен өткен іс-шараны аша отырып, «Нұр Отан» ХДП Жамбыл облыстық филиалы төрағасының орынбасары Масат Берік.
«Біз Президентпен біргеміз!» іс-шарасына бюджет саласының қызметкерлері, жастар, мемлекеттік қызметкерлер, студенттер мен оқушылар, сондай-ақ ардагерлер қатысты.