Бұл туралы «Литер» газетінде жазылған.
Жамбыл облысының 5 кәсіпорны үш жыл бойы «ауадан» нәпақа тауып келген. Фирмалар жалған келісімдер жасап, жасанды есеп-фактуралар бойынша қаржыны қолма-қол алды. Оларға арам пиғылдарын іске асыруға Талкат Біләлдің жетекшілігіндегі қылмыстық топ септескен. Топтың көшбасшысы жалған кәсіпкерлікпен қатар адам өлтіруге тапсырысты ұйымдастырды деп айыпталып отыр.
Қазіргі таңда адам өліміне кінәлі деп айыпталған Біләл мен оның сыбайластары қамауға алынды, ал топтың өзге мүшелері ешқайда кетпеу туралы қолхатпен босатылды. Олардың мемлекетке келтірген шығын көлемі миллиард теңгеден астам болып отыр.