Таразда тұрғын үйде болған өрт кезінде үш бала ауруханаға жеткізіліп, 10 адам қауіпсіз жерге шығарылды

АСТАНА. 24 наурыз. ҚазАқпарат - Таразда тұрғын үйде болған өрт кезінде үш бала ауруханаға жеткізілді, деп хабарлады ҚР ТЖМ баспасөз қызметі.

Сәрсенбі, 23 наурызда күннің екінші жартысында Таразда 5 қабатты тұрғын үйдің пәтерлерінің бірінен өрт шықты.

«Өрт шарпыған жер аумағы 2 шаршы метрді құрады. 10 адам қауіпсіз жерге шығарылды. Өрт орнынан денесін күйік шалып, иіс тиіп зардап шеккен 2006, 2008 және 2009 жылғы үш бала ауруханаға жеткізілді», - делінген таратылған ақпаратта.

Өрт ауыздықтау жұмысына ҚР ТЖМ Жамбыл облыстық ТЖД өрт сөндіру қызметінің 5 адам жеке құрамы мен 1 бірлік техникасы қатысты.