Таразда жаңа футбол алаңы ашылды

РАЗ. 29 шілде. ҚазАқпарат /Галина Скрипник/ - Таразда жаңа футбол алаңы ашылды,

деп хабарлады Тараз қаласы әкімінің баспасөз қызметі.

«Бұл Төңкеріс аймағындағы балаларға арналған тоғызыншы футбол алаңы», - деп түсіндірді қала әкімінің баспасөз хатшысы Олжас Ақылбаев.

Сметалық құны 7 млн. теңгеден асатын спорттық нысан облыстық футбол федерациясы қаржысына салынды.

Алаңқай стандартты 22 х 42 метр көлемде, қоршаудың биіктігі 5 метр. Құрылыстың бірегейлігі - мұнда Голландияда шығарылған жасанды футбол төсеніштері пайдаланылған, делінген баспасөз қызметінің хабарламасында.