Бүгін Тараз қаласында С. Сейфуллин көшесінен Б. Момышұлы көшесіне бара жатқан Hyundai маркалы автокөлік жүргізушісі төрт жаяу жүргіншіні қағып кетті. Оқиға орнында екі адам қаза тауып, екі адам Тараз қаласының №1 ауруханасына жеткізілді. Бұл туралы облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.
«Аталған дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабы 4-бөлігімен сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Полиция қызметкерлері жоғарыда аталған көлік жүргізушісі 23 жастағы Тараз қаласының тұрғынын анықтап, ұстады», - делінген ведомство хабарламасында.
Қазіргі уақытта тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Бірқатар тиісті сараптама тағайындалған.