«Облыс әкімі Қанат Бозымбаев «Қаратау» шағынауданындағы 280 орынға арналған «Мүбарак Мөлдір» балабақшасының салтанатты ашылуына қатысты», - делінеді баспасөз қызметі таратқан хабарламада.
Балабақшаны 2011 жылдың мамырынан бері «Бейсенбаев» ЖШС мердігерлік ұйымы күрделі жөндеуден өткізді.
Мемлекеттік және орыс тілдерінде оқыту жүргізілетін «Мүбарак Мөлдір» балабақшасында 12 бөлме, музыкалық және спорттық зал, жаңа жабдықтардың толық жиынтығы бар.
Әкімдіктің мәліметінше, бүгінде Таразда 10 251 баланы қамтитын 34 мемлекеттік мектепалды мекеме бар. Мемлекеттік жекеменшік серіктестігінің аясында 440 бала барып жүрген бес балабақша ашылды. Қаланың 23 мектебінде 1 940 бала үшін шағын орталықтар, сондай-ақ 120 орынға арналған екі жекеменшік шағын орталығы қызмет етуде.
«Балапан» бағдарламасы бойынша 2012 жылдың екінші жартыжылдығында Химиялық кенті ауданында 250 орынға арналған жөндеуден өткен балабақшаны ашу жоспарлануда, деп хабарлайды аймақ басшысының баспасөз қызметінен.