Бұрын хабарланғандай, 20 қаңтарда күндізгі сағат үште электр-дәнекерлеу жұмыстары кезінде Жамбыл даңғылындағы «Келешек және К» ЖСШ-ның аумағында орналасқан ғимаратқа от тиеді.
«Сүт зауытының аумағында болған өрттің себебі дәнекерлеу жұмыстарын жүргізу барысында өрт қауіпсіздік шараларының сақталмауы», деп түсіндірді ТЖД бастығы Жамбылбек Шақабаев.