Тараздағы автобус тұрағында атыс болып, кәсіпкер зардап шекті

ТАРАЗ. 12 қараша. ҚазАқпарат /Галина Скрипник/ - Тараздағы автобус тұрағында атыс болып, кәсіпкер зардап шекті.

Белгілі болғанындай, «Дмитрий и К» компаниясының басшысы - Д. есімді жергілікті кәсіпкерге шабуыл жасалған. Қылмыскерлер тал түсте оны автобус тұрағында кеудесінен атып, белгісіз жаққа іздерін суытқан,деп хабарлайды №1 қалалық полиция бөлімі.

Кейін анықталғандай, кәсіпкерге жарақаттау тапаншасынан оқ атылған, сондықтан қылмыстық іс атыс қаруын пайдалану арқылы бұзақылық жасау (ҚР ҚК 287 бабы, 3 бөлімі) фактісі бойынша қозғалды.

Дегенмен, зардап шеккен азамат басынан ауыр жарақат алып, ауруханаға баруға мәжбүр болды. Қазір оның денсаулығына қауіп жоқ.

Кейбір мәліметтер бойынша, шабуылдың негізгі жорамалы - қалааралық автобус тасымалы рыногындағы басымдық жағдай үшін болуы мүмкін.