Бұл туралы бүгін Астанада өткен брифингте Бас прокуратураның ресми өкілі Нұрдәулет Сүйіндіков мәлім етті.
«Ұсталған адамдардың барлығы Жамбыл облысының тұрғындары. Өкінішке қарай олардың аты-жөндерін қазір айта алмаймыз. Олардың рухани жетекшісі де ұсталды. Ол да Қазақстан азаматы»,- деді ресми өкіл. Айта кетейік, Бас прокуратураның мәліметі бойынша, Тараздағы оқиғаға байланысты қылмыстарды ұйымдастыруға қатысы бар деген күдік бойынша алты адам, соның ішінде биылғы жылдың басында құрылған және құрамына Мақсат Кәриев кірген қылмыстық топтың рухани жетекшісі ұсталды.