Тараздық дзюдошы қыз жастар арасындағы әлем чемпионатына жолдама жеңіп алды

ТАРАЗ. Сәуірдің 28-і. ҚазАқпарат /Галина Скрипник/ - Тараздық спортшы Нұрилә Тастекова Ресейдің Тверь қаласында өткен дзюдодан халықаралық жарыстың жеңімпазы атанды,

деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі Жамбыл облысы әкімдігінің спорт басқармасына сілтеме жасап. Өз салмақ санатында Нұрилә ақтық кезеңде ресейлік спортшыны жеңіп, ағымдағы жылдың тамыз айында Будапеште өтетін жастар арасындағы әлем чемпионатына жолдама алды.