Тарихи құжат: Ақмоланы Қазақстанның астанасы деп жариялау туралы Жарлық

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың өмірі жайлы ең алғашқы ресми тарихи-биографиялық зерттеу кітабында Қазақстан Республикасының астанасын ауыстыру туралы Жарлықтың түпнұсқаларының көшірмесі көрсетілген. Астананың туған күніне орай, «ҚазАқпарат» ХАА сол кездегі Қазақстан Республикасы Жоғарғы кеңесінің төрағасы Әбіш Кекілбаевтың қолы қойылған қаулы мен Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың қолы қойылған Жарлықтың түпнұсқа көшірмесін ұсынады.

Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы 1997 жылдың 20 қазанында жарияланды. Онда Ақмола қаласын Қазақстан Республикасының астанасы деп 1997 жылдың 10 желтоқсанынан жариялау туралы, сонымен қатар, Қазақстан Республикасының астанасы ретінде Ақмола қаласының ресми таныстырылымын өткізуді 1998 жылдың 10 маусымына белгілеу туралы Президент қаулысы қамтылған.

 

Ал Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Қазақстан Республикасының астанасын ауыстыру туралы қаулысы 1994 жылы 6 шілдеде Алматыдағы Парламент үйінде қабылданған.

Қаулыға ҚР Жоғарғы Кеңесінің Төрағасы Әбіш Кекілбаев және бірқатар лауазымды тұлғалар қол қойған. Онда Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаевтың мемлекет астанасын Ақмола қаласына ауыстыру туралы ұсынысына келісім беру туралы қаулы бар. Бұдан бөлек, Жоғарғы Кеңес Министрлер Кабинетіне жыл соңына дейін осы мәселеге байланысты техникалық-экономикалық негіздеме әзірлеуді және астананы ауыстыру мерзімін нақтылауды әзірлеуді ұсынады.