Алаңға Өзбекстан, Оңтүстік Корея, Қытай, Сингапур, Малайзия, Таиланд, Сирия, Қазақстан және Қырғызстан құрамалары шықты. Жиналған жас спортшылардың алдында Өзбекстанның Гимнастика федерациясының президенті Лола Кәрімова, Гимнастикадан Азиялық қауымдастықтың президенті Рахмон әл-Шахри сөз сөйлеп, гимнасшыларға жеңіс тіледі. Ресми рәсімнің соңы үлкен концерттік бағдарламаға жалғасты.
Чемпионаттың бірінші күнінің қорытындысы бойынша қазақстандық спортшылар жеке разряд бойынша «А» тобында көш бастаса, топтық разрядта Азияның кейбір құрамалары есе жіберіп отыр.
Бүгін, сәрсенбі күні гимнасшылар жеке және топтық жаттығуларда күш сынасады.