Тасқала ауданында қос бірдей сумен қамту нысанының құрылысы жүргізілуде - БҚО

ОРАЛ. 13 қаңтар. ҚазАқпарат - БҚО-ның Тасқала ауданында қос бірдей сумен қамту нысанының құрылысы жүргізілуде.

Аудан әкімі Қуат Мусиннің айтуынша, «Ақбұлақ» бағдарламасына сәйкес аудан орталығы Тасқала ауылын сумен қамтуға республикалық бюджеттен 199,4 млн. теңге бөлініп, қазіргі уақытта «Марасант» ЖШС екінші кезеңнің құрылыс-монтаж жұмыстарын аяқтады. Бұл мақсатқа қосымша облыстық бюджеттен 68 млн. теңге бөлу жоспарлануда. Нысан мемлекеттік қабылдау комиссиясына тапсыруға әзірленуде.

Сонымен қатар Оян ауылын сумен қамту нысаны бойынша 129,797 млн. теңгеге «Стройинвест Плюс» ЖШС екінші кезеңнің жұмысын атқаруда.

Тасқала ауылының солтүстік бөлігіндегі және метеостанса аумағындағы инженерлік-коммуникациялық желілерді тартуға 102,525 млн. теңге беріліп, «Аж-Ас-Строй» ЖШС құрылыс-монтаж жұмыстарын бітірді.

Достық ауылдық округіне қарасты Ынтымақ және Мерей ауылдық округі Тоғайлы елді мекендерін газдандыру бойынша жобалық-сметалық құжаттары дайындалды. Сондай-ақ Достық ауылында 25,688 млн. теңгеге су құбыры қайта жөндеуден өткізілді.