ОРАЛ. 11 қазан. ҚазАқпарат - 10 қазан күні Тасқала ауданы Ақтау ауылдық округінің мәдениет үйінде балалар кітапханасы ашылды.
Салтанатты шараға аудан әкімі Қуат Мусин бастаған басшылар, кітапхана қызметкерлері мен ауылдың ақсақалдары, сондай-ақ жас оқырмандар қатысты.
Балалар кітапханасында 300 балаға арналған 1500 кітап қоры бар. Кітапхана жаңа үлгідегі жиһаздармен жабдықталған. Мұнда келушілер тек кітап оқып қана қоймай, мектеп бағдарламасына сай қажетті мағлұматтар алатын болады.
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).