ОРАЛ. Сәуірдің 1-і. ҚазАқпарат /Елжан Ералы/ - БҚО-ның Тасқала ауданы орталығында Кеңес Одағының Батыры Садық Жақсығұловты еске алу шарасы өткізілді,
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Батыр атындағы мектепке жиналғандар оның мүсініне гүл шоқтарын қойып, тағзым етті. Облыс әкімінің орынбасары Нұрлан Ноғаев Ұлы Жеңістің 65 жылдығы қарсаңында Орал қаласындағы бір көшеге батыр есімі берілгенін, С.Жақсығұловты еске алуға арналған Тасқалада өткізіліп келе жатқан қазақ күресінен республикалық турнирдің аясы кеңи түсетінін, осындай шаралардың алдағы уақытта да жалғасын табатынын атап өтті. Осыдан бір жыл бұрын өмірден озған ер туралы естеліктер айтылып, Амангелді ауылындағы бейіті басында құран бағышталды.
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).