Формалардың дизайны Алматыда жасалды. Киімдерді тігуге қайырымдылық мақсаттарға жиналған 5 миллион 270 мың теңге сома жұмсалып отыр.
Оған қоса, Қызылағаш ауылында қыркүйектің 1-і күні Ілияс Жансүгіров атындағы орта мектеп өз есігін ашады. Онда күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіліп, ол мақсатқа 226 миллион теңге жұмсалды. Мектеп аумағында үш блоктан және аралық галереядан тұратын оқу корпусы, қосалқы бірқабатты оқу корпусы, қазандық орналасқан. Мектеп оқу процесіне қажетті барлық жабдықтармен жарақталып отыр.