"Қылыш, балта ұстаған 100 адам мен дәл солай жарақтандырылған 100 адамның жекпе-жегін көзге елестетіп көріңіз. Олардың міндеттері жеңіске жету. Бұл тартымды көрініс болмақ", - деді ол.
Оның сөзіне қарағанда, фестиваль Ресейдегі ең ауқымдыларының бірі болмақ. "Биыл шамамен 25 мың қонақты күтіп отырмыз. Бұл өткен жылғыдан еке есеге дерліктей көп. 30-ға жуық аймақтан қатысушылар келеді", - деді Иванов. Сондай-ақ, Израиль мен Украинадан тарихи клубтардың өкілдері күтіліп отырғанын айтты.
Сонымен қатар ол мұнда XIII-XIV ғасырлардағы, Волга Булгариясының өркендеуі кезеңіндегі көрініс болатынын еске салды.
Болгар мемлекеттік тарихи-сәулет мұражай-қорығы 1969 жылы құрылған.