- деп хабарлады ИТАР-ТАСС агенттігіне Мемлекеттік кеңестің төрағасы Фарид Мухаметшин. Онда жаңа президент екі тілде: орыс және татар тілдерінде ант қабылдайды.
Спикердің айтуынша, салтанатты шараға қатысу үшін Қазанға қадірлі қонақтар келді, олардың қатарында Ислам Конференциясы Ұйымының бас хатшысы Екмеледдин Ықсаноғлы, Қазақстан, Түрікменстан, Польша делегациялары бар.
РФ Президенті Дмитрий Медведев Татарстан президентінің лауазымына Миннихановтың кандидатурасын республиканың Мемлекеттік кеңесінің қарауына қаңтардың 27-сінде енгізген болатын. Сол кездегі республика басшысы Минтемір Шаймиев қаңтардың 22-сінде РФ Президентімен болған кездесуде, наурыздың 25-інде аяқталатын оның өкілеттігін ұзарту мәселесін қарастырмау туралы өтініш жасаған болатын. Минниханов наурыздың 4-інде Татарстан президентінің өкілеттігіне ие болды, депутаттар оның кандидатурасы үшін бірауыздан дауыс берді.