Аталған шара кеше Астанада өткен Тау-кен металлургия кешені жұмыскерлерінің ІІІ съезі барысында мәлім болды.
Құжат бойынша, тау-кен металлургиялық кешені жұмысшылары үшін салалық коэффициентті 1,8-ге дейін көтеру қарастырылады. Мамандардың айтуынша, аталған келісім Үкіметінің қаулысына негіз бола алады. Тоқтала кететін жайт, Қазақстан тау-кен металлургиялық өнеркәсіп жұмысшылары кәсіподағының төрағасы Асылбек Нұрәлинның айтуынша, бүгін саладағы жұмысшылардың, оның ішінде денсаулыққа зиянды жағдаймен еңбек ететін жұмысшылардың жалақысы өз деңгейіне сай емес. ал мынадай қадам сондай олқылықтың орнын толтыруға сеп болмақ.