Астанадан қарашаның 1-і күні шыққан пойыз еліміздің барлық облыстарында болып, жергілікті тұрғындармен көптеген кездесулер өткізді. Атап айтар болсақ, құрамында бірнеше министрлік пен еліміздегі бірқатар ұлттық компаниялардың өкілдері тұрғындарға кеңестерін беріп, жеке мәселелері бойынша қабылдау жүргізуде. Халыққа ұсынылған қызмет түрлерінің ішінде медицина, әлеуметтік, заң және білім сияқты бірнеше сала түрлері қамтылған.
«Тәуелсіз Қазақстан» пойызы жоспар бойынша Алматы облысында желтоқсанның 13-ші күніне дейін болады. Осы аралықта олар Панфилов, Ақсу, Кербұлақ, Алакөл аудандарымен қатар Қапшағай қаласына барады. Ал 14-і күні пойыз сапары Алматы қаласында жалғасады.