Оның айтуынша, Ұлы Жеңістің маңыздылығы мен өзектілігі де ескеріліп, 39көшеге соғыс ардагерлерінің есімдері берілген.
Облыстағы тілдік ахуал, мемлекеттік тілдің қызмет ету аясын кеңейту мен мәртебесін нығайту мақсатында атқарылып жатқан іс-шараларға тоқталған А. Кендірбекұлы мемлекеттік тілдегі құжат айналымы туралы да тарқатып айтып берді. Мысалы, 2016 жылғы бірінші жартыжылдықтың қорытындысы бойынша кіріс құжаттарының 82,3 %-ы, ал шығыс құжаттарының 99,3 %-ы мемлекеттік тілде көрініс тапқан.
Ана тіліміздің мәртебесі бесіктен бастау алатындығын айтқан спикер балабақша, мектептегі мемлекеттік тіл мәселесіне де тоқталып өтті. Облыстағы 337 балабақшаның 70,0%-ы қазақ тілді. Ал, 737 мектептің 414-і қазақ тілінде білім береді. Соның ішінде қазақ тілінде оқитын 330 мыңнан астам оқушының арасында 8054-і өзге этнос өкілдері.