«Қазір мен уақытымның бәрін оқуға арнаймын. Болашақта білікті дипломат болып, халықаралық аренада еліміздің мүддесін таныстырсам деймін. Әсіресе геосаясатқа қызығамын, Бзежинский мен Дугинды оқығанды ұнатамын», - дейді тәуелсіздіктің құрдасы.
Сонымен қатар Д. Мұқан кәсіби түрде киберспортпен шұғылданады. Оның айтуынша, бұл жастардың қызығушылығы ақпараттық технологиялардың дамуымен тығыз байланысты екен. Бұл бүгінгі таңда Қазақстанның инновациялық дамуының басым бағыты болып табылады.