«Сайлау қорытындысына ризамыз, - деді ол «ҚазАқпарат» ХАА тілшісіне берген сұхбатында. - Дауыс беру елде азаматтық қоғам қалыптасқанын, ал Нұрсұлтан Назарбаев оны біріктіргенін көрсетті. Қорытындылау кезінде елдің шығысында республикалық қоғамдық штабта болдым. Барлық өңірдің өкілдері сайлау күні сайлау учаскелерінде адамдар дауыс беру үшін кезекке тұрғанын айтты».
Н.Назарбаевтың бағдарламаларын халық қолдайды, ол экономика мен әлеуметтік салаларда нақты міндеттер қояды, деп атап өтті В.Свинцицкий. «Павлодарда сайлауға келудің осындай деңгейі көптен көрініс бермеген еді. Нұрсұлтан Назарбаев басшылық еткен кездегі экономика, әлеуметтік мәселелердегі жетістіктер өткен сайлаудың қорытындысын шығарды. Адамдар дауыс беру арқылы Ұлт көшбасысына сөзсіз сенетіндерін көрсетті», - деп санайды ол.