Оның атап өтуінше, Тәуелсіздік жылдары өңірдегі мектепке дейінгі балалар ұйымы 76- дан 503-ке дейін өскен. «Балапан» бағдарламасына сәйкес 2009-2011 жылдары аралығында шамамен 170 мектепке дейінгі балалар бақшасы ашылған. Соңғы 10 жылда 40-тан астам жалпы білім беретін мектеп пайдалануға берілген.
Сонымен қатар мәдениет және өнер саласында да аймақта айтарлықтай жетістіктерге қол жеткізілген. Мәселен, 1999 жылы аймақта 201 мәдениет мекемесі болса, қазіргі күні олардың саны 480-ге жетіп отыр. Сонымен қатар «Мәдени мұра» бағдарламасы аясында археологиялық, этнографиялық экспедиция ұйымдастырылып, шамамен 20-ға жуық ескерткіш, мүсін және кесене анықталған.