«Байланыс саласында ауқымды сапалы жұмыс атқарылды. Біз бұл бағыттағы жұмысты жалғастырамыз және жоспарлы түрде сандық Қазақстан бағытына жылжимыз», - деді Д. Абаев.
Осы ретте ол бүгінде шалғай елді мекендерде инновациялық әлеуметтік жобаларды жүзеге асыра отырып, пошта байланысы бөлімшелері қала мен ауыл арасындағы басты байланыстырушы буынға айналғанын атап өтті.
«Осы жетістіктердің барлығы қазақстандық байланыс қызметкерлерінің кәсіби біліктілігі мен ынтасынсыз мүмкін болмас еді. Тәуелсіздік жылдарында біз ақпарат пен байланыс саласында өте мықты кадрлық құрамды қалыптастыра алдық», - деп қосты Д. Абаев.