«Жамбыл облысында өткен ғасырдың 90 жылдарында үкіметтік емес 16 ұйым болса, бүгінде оның саны 600-ге жетіп отыр», - деп атап өтті облыс әкімінің орынбасары Мейрамбек Төлепберген.
Конференцияға қатысушылар еліміздің қоғамдық өмірінде ҮЕҰ-ның рөлі жайында айтып берді. Атап айтқанда, мүмкіндігі шектеулі жандардың құқығын қорғайтын, ұлттық мәдениетті қалыптастыратын және де экологияның мәселелерімен айналысатын үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері атсалысты.
Ең үздік ҮЕҰ-дар Жамбыл облысы әкімінің грамоталары және алғыс хаттарымен марапатталды.