Елордаға Маңғыстау, Қарағанды, Солтүстік Қазақстан облыстарының ресми делегациялары келетін болады.
ҚР Мәдениет министрлігі баспасөз қызметінің мәліметіне қарағанда, астаналықтарды ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі, көрме және концерттік бағдарламалар күтіп тұр.
12 қазанда Бейбітшілік және келісім сарайында Маңғыстау, Қарағанды, Солтүстік Қазақстан облыстары өнер шеберлерінің бірлескен концерті өтеді. Концертте аталған облыстардың өнерпаздары өз өнерлерін Астана жұртшылығына паш етеді. Концерттік бағдарламада үш облыстың бірлескен қазақ ұлт аспаптар оркестрі, би ұжымдары, фольклорлық ансамбльдер, сондай-ақ елімізге танымал жеке орындаушылар өнер көрсетеді. Олардың орындауында жергілікті ақын-композиторлардың шығармалары шырқалады.
Алғаш болып аймақтар күнін 8-9 қыркүйекте Атырау, Шығыс Қазақстан, Жамбыл облыстары ашқан болса, 28-29 қыркүйекте Астанада Қостанай, Қызылорда мен Оңтүстік Қазақстан облыстарының күндері өтті.