«Қоршаған ортаға эмиссияларды іске асыратын табиғатты пайдаланушылар заң бойынша бұған келісім алуы тиіс. Алайда, 2011 жылдың мамырында «Таукент-Энергосервис» ЖШС өз қызметін осындай рұқсатсыз іске асырған», - деді О.Монтаев.
Шу-Талас экология департаментінің Оңтүстік Қазақстан филиалындағы мамандардың есебі бойынша, қоршаған ортаға келтірілген зиян 725 718 теңгені құрады. Кәсіпорын бұл соманы прокуратура талабы бойынша өтеуге міндеттелді.
«Аталған істі қарау қорытындылары бойынша кінәлі адамдар тәртіптік жауапкершілікке тартылып, 725 718 теңге көлеміндегі зиян сомасы мемлекет пайдасына өндіріп алынды», - деді О.Монтаев.