13:50, 11 Сәуір 2009
Таушық ауылында пошта бөлімшесі ашылды
МАҢҒЫСТАУ ОБЛЫСЫ. Сәуірдің 11-і. ҚазАқпарат /Жетібай Шаханұлы/ - Түпқараған ауданындағы Таушық ауылында пошта бөлімшесі пайдалануға берілді. Алғашқы пошта үйі байланыс пен төлемдерге қатысты барлық қызмет түрлерін көрсетпек,
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.Пошта бөлімшесінің бастығы Г. Күзембаеваның айтуынша, пошта халыққа басылымдар жеткізу, зейнетақы беру, ақша аудару, екінші дейгейдегі банктерден несие алу сияқты қызметтер ұсынады. Одан бөлек жақын күндері осы ғимараттың ішінен интернет-клуб ашу жоспарланған. Ашылу салтанатына қатысқан аудандық Мәслихат хатшысы, ауылдықтар атынан «ҚазПошта» басшылығына алғысын жеткізіп, Елбасының Жолдауындағы міндеттерге орай, алыстағы ауылдың тұрмысын жақсартуға жылдан жылға жағдай жасалып жатқандығын жеткізді. Кезінде Маңғыстау ауданының орталығы болған Таушық ауылы бүгінде өндірістік кешендер мен елді мекендер арасындағы күре жолдардың бойындағы «форпостық» маңызын жойған жоқ, деді ол.