Тай елінің пілдері баскетбол ойнауды үйренді

АСТАНА. Қаңтардың 25-і. ҚазАқпарат - Тайландтың Самуи (Ko Samui) аралындағы қорық қызметкерлері екі пілді баскетбол ойнауға үйретуде,

деп хабарлайды ҚазАқпарат Лента.ру сайтына сілтеме жасап.

Жаттығу бағдарламасы алты жасар Мали мен тоғыз жасар Токтактың дене қалыптарын жақсы күйнде сақтаулары үшін ойлап табылған болатын. Ойын негіздерін игеру үшін пілдерге бірнеше ай уақыт қажет болды, алайда бұдан кейін олардың дағдылары күн өткен сайын жетіле түсті.

Мали мен Токтак баскетбол добын тұмсығымен ұстап тұруға, оны алып жүруге және артқы аяқтарымен тұрып, оны себетке салуға қабілетті. Піл-баскетболшылардың жаттығуына куә болған қорыққа келушілер бұл олар үшін «аса ғажап» көрініс болғанын мәлімдеді.