ҚР Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі таратқан ақпараттарған қарағанда, эвакуация басталғалы бері резидент және резидент емес әуе компанияларының жалпы саны 12 әуе рейсімен 3300-ден астам қазақстандық елге оралды.
Әуе рейстерімен қатар, азаматтарды шығару жерүсті жолдары арқылы да жүзеге асырылып жатыр.
Ирандағы дипломаттар 6 наурызда «Заркух» компаниясында жұмыс істейтін 7 Қазақстан азаматын иран-армян шекарасына жеткізуді жоспарлап отыр. Бұған дейін Тегеран мен Еревандағы дипломаттар Иран аумағында қалған «Заркух» компаниясының 34 қызметкерінің елден шығуын ұйымдастырып, олар автобуспен иран-армян шекарасын өтті. Жалпы Ираннан бүгінге дейін 52 Қазақстан азаматы елге қайтарылды.
-Өңірдегі Қазақстанның дипломатиялық өкілдіктері эвакуация толық аяқталғанға дейін жергілікті жерде үйлестіру жұмыстарын жалғастырып, шиеленіс аймағындағы отандастарымызбен тұрақты байланыста болады,-делінген ҚР СІМ баспасөз қызметі таратқан ақпаратта.
Осыған дейін Таяу Шығыс елдері аумағынан 2463 Қазақстан азаматы эвакуацияланғаны туралы жаздық.