деп хабарлайды Синьхуа агенттігі аралдың сейсмологиялық қызметіне сілтеме жасап.
Барлық арал аумағында сезілген жерасты дүмпулері жергілікті уақыт бойынша 10.12-де (мәскеу уақыты бойынша 05.42-де) тіркелген. Зілзала кіндігі тайванның шығысындағы Хуалянь қаласының маңында 14 шақырым тереңдікте болған. Зардап шеккендер мен қираулар туралы мәлімет түскен жоқ.
Тайвань аралы екі тектоникалық тақтаның түйіскен жерінде орналасқан және ғаламшардағы ең сейсмикалық белсенді аумақтың бірі болып табылады. Ең қуатты зілзала - 7,6 балдық жер сілкінісі аралда 1999 жылдың қыркүйек айында болып, 2,4 мыңдай адамның өмірін қиған еді.