Дененің перифериялық (шеткергі мүшелерінің) өткір салға ұшырауы жағдайларының күрт көбейіп кетуі Тәжікстанда 2010 жылдың сәуір айында тіркелді. Осы елдің Денсаулық сақтау министрлігі өтінішімен ДДҰ-ның мәскеулік зертханасы жүргізген талдаулар салға ұшыраудың себебі полиовирус (сүйекке вирус түсуі) себебінен болғанын көрсетті.
Сәуірдің 22-сіне дейінгі мәліметтер бойынша, перифериялық салға душар болу 128 балада анықталып, олардың оны шетінеп кеткен. Ауырған жеті тәжік балаларында зертханалық деңгейде полиомиелит диагнозы расталды. Мұнан басқа нақ осындай - перифериялық сал ауруының үш жағдайы Өзбекстанда да тіркелді.
Осы инфекцияның өршіп кетуіне байланысты ДДҰ Тәжікстан үкіметіне және көршілес мемлекеттерге (Өзбекстан, Түрікменстан, Қырғызстан мен Қазақстанға) перифериялық сал ауруы жағдайларына бақылауды күшейтуді және тұрғындарды вакцинациялауды ұйымдастыру жұмысымен қамтуды ұсынды.
ДДҰ мамандары Тәжікстанда полиомиелиттің өршіп кетуін алғаш рет Еуропада, 2002 жылдан бастап, тіркеген еді. Бұл елдегі инфекцияның соңғы расталған жағдайы 1997 жылы тіркелген. Қазір полиомиелиттің ошағы Ауғанстан, Пәкістан, Индия мен Нигерияда бар деп есептеледі.