Оқыс оқиға елдің оңтүстік-батысындағы Хатлон облысында орын алған. Жария етілген видеода ЖМҚС өртке орана бастағаны, кейіннен алапат жарылыс болғаны көрсетілген. Оның қуатты болғаны соншалық газ құйылатын темір жол цистернасы 500 метр жерге ұшып түскен. Бұдан кейін үлкен жалын шыққан.
Соңғы мәліметтерге сенсек, жарылыстан 17 адам зардап шеккен, үш адам ауыр халде жатыр. Төтенше жағдайлар қызметі оттың шығуына бейқамдық себепші болды деп мәлімдеген.