деп хабарлайды ИТАР-ТАСС агенттігі.
Дүйсенбі күні Тегранда Иран, Түркия және Бразилия елдерінің сыртқы істер министрлері қол қойған ядролық отын алмасу туралы келісімге қатысты АҚШ-тың бұл реакциясын Можтаба Самаре Хашеми «барабар емес» деп атады. «Дегенмен, сәл күтейік, мүмкін американдықтар өз көзқарастарын әлі өзгертер»,- деді Хашеми мырза өз сөзінде.
Дүйсенбі күні Тегранда үшжақты иран-түрік-бразилия келісіміне қол қойылғанын ҚазАқпарат бұған дейін хабарлаған болатын. Ол құжатқа сәйкес Иран Түркияға 1200 келі төмен байытылған өз уранын шығарып, оны Тегран зерттеу реакторының жұмысына қажетті 20 пайыздық ядролық отынға алмастыруға келісті.
Бұған дейін ресми Тегран, мұндай алмасу процесі ұсақ партиямен (шамамен 400 келідей), өзара қатар және тек иран аумағында жасалғанын талап еткен болатын.