Бұл туралы жексенбі күні Тегранда аяқталған осынау форумда сөйлеген сөзінде Иранның сыртқы істер министрі Манучехр Моттаки мәлім етті, деп хабарлады ИТАР-ТАСС агенттігі.
М.Моттаки өз сөзінде сондай-ақ, Ядролық қару-жарақты таратпау туралы шарттың заманауи жағдайда «жаңаша көзқарасқа мұқтаж екенін» атап көрсетті. Форум аясындағы жарыссөздерге қатысушылар осындай ортақ пікірге келіп отыр, деп атап көрсетті Иран министрі өз сөзінде. Министр, иран-ирак қарулы қақтығысы кезінде (1980-1988 жылдары) Иран халқының химиялық қару қолданысының құрбаны болғанын ерекше атап өтті. «Сол тағылықтың салдарын бүгін де байқауға болады, ал зардап шеккендер әлі күнге дейін емделуде. Әлемдік қауымдастықтың жаппай қырып-жоятын қаруды толық жоюдың қажеттілігін түсінетін кез келеді және солай болады да», деп атап көрсетті Иран министрі.
Ядролық қару-жарақты жою және таратпау жөніндегі халықаралық конференция Тегранда «Атом энергиясы- баршаға, ядролық қару -ешкімге» деген ұранмен өтті. Оның жұмысына әлемнің 56 елінің ресми және бейресми өкілдері қатысты.