Оқиға салдарынан екі адам зардап шекті, тағы бір адам із-түзсіз жоғалып кетті, деп хабарлайды СNN агенттігі.
Оқиға кезінде ғимаратта 200-ге жуық адам болған. Олардың барлығы апаттан кейін қауіпсіз жерге көшірілді. Ұшақтың нысанға соқтығысуының нәтижесінде өрт шыққан. АҚШ Әскери-әуе күштерінің екі F-16 жоюшы ұшағы оқиғадан кейін дереу дабылмен аспанға көтерілді. Қазір олар оқиға болған аумақтың әуе кеңістігін бақылауда. АҚШ өкіметі оқиғаның себебін тексеріп жатыр.
Дегенмен, СNN агенттігінің нақтылауынша, ұшақты ғимаратқа бағыттаған ұшқыш осылай өзін өлтірмек болған көрінеді. Оқиғадан бір күн бұрын әлгі азамат Интернетке өзінің қоштасу хатын орналастырған. Ол өз хатында АҚШ өкіметін, салық органдарын айыптаған және әйеліне де тіл тигізген. Әлгі американдықтың, осы оқиғаның алдында ғана өз үйін өртеп жібергені туралы да хабарланып отыр.
Естеріңізге сала кетейік, осыдан бір күн бұрын Американың Калифорния штатындағы Пало-Альто деген жерде ұшақ апаты орын алған болатын. Онда жеңіл моторлы Cessna 310 ұшағы балалар орталығы орналасқан ғимаратқа құлаған. Ұшақ бортында болған үш адам апат салдарынан мерт болған. Пало-Альто әуежайынан енді ғана көтерілген ұшақ, бірер минуттан кейін жерге құлаған.