«Вашингтондағы Қазақстан консулының байланыс деректері мен қажет болған жағдайда байланысу үшін «шұғыл желі» телефон нөмірлері бар ақпарат таратылды. Ресми тұлғаның дерегі бойынша, дәл осы уақытқа дейін зардап шеккендердің арасында Қазақстан азаматтары тіркелмеген. Қазіргі таңда төтенше жағдай аймағында жүздеген қазақстандық болуы мүмкін», - деп жазды Әнуар Жайнақов.
БАҚ хабарлағандай, «Харви» дауылына қауіп деңгейінің бес балдық шкаласы бойынша төртінші деңгейі берілді. Ол Техас жағалауына сағатына 130 миль (210 км/сағ) жылдамдықпен соғатын жел алып келді.